Астана. 13 мамыр. BM.KZ – Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Ергешбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды.
Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне кіріскендіктен, депутаттық мәртебесінен айырылды.
«Біз алғашқы күндерден бастап тығыз жұмыс істедік. Барлық депутаттың атынан мәжілістегі белсенді жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Өткен аптада ол Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, бұл өте жауапты қызмет. Біз оған жемісті жұмыс тілейміз», — деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
