Астана. 13 мамыр. BM.KZ – Қызылорда облысының Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.
Студентті жатақханада жоғары курста оқитындар азаптап өлтірді деген күдік бар.
– Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторға қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Полиция тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процесуалдық шешім қабылданатын болады.
