• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Әлем көз тіккен келіссөз: Трамп пен Си Цзиньпин не талқылады

Әлем көз тіккен келіссөз: Трамп пен Си Цзиньпин не талқылады

14 мая, 2026 Әлем
Фото: Kenny Holston/Pool The New York Times/dpa/picture alliance

Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Бейжіңде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин арасындағы кеңейтілген келіссөздер өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тараптар кездесуі кезінде Трамп Қытайға АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларын алып келгенін айтты.

— Маған компаниялардың екінші немесе үшінші деңгейлі өкілдері қажет емес еді. Тек ең жоғары деңгейдегі басшылар болуы керек деп шештім. Бүгін олар осында сізге және Қытайға құрмет көрсету үшін келді. Олар сауда жасап, бизнес жүргізуді асыға күтіп отыр, — деді АҚШ президенті.

Трамп бұл келіссөздерді ең маңызды кездесулердің бірі деп атады. Сондай-ақ АҚШ тарапы Қытаймен саудада «толық өзара тиімді» шарттарды күтетінін жеткізді.

— Кейбіреулер мұны тарихтағы ең ірі саммит болуы мүмкін дейді. АҚШ-та қазір басқа ештеңе талқыланбайды. Сізбен бірге болу — мен үшін үлкен құрмет. Сіздің досыңыз болу — мен үшін мәртебе. Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейде жақсарады, — деді Трамп.

Өз кезегінде Си Цзиньпин 2026 жыл Қытай мен АҚШ қатынастары үшін «тарихи әрі маңызды кезең» боларына үміт білдірді. Оның айтуынша, Бейжіңдегі бұл кездесу бүкіл әлемнің назарын аударған.

— Қытай мен АҚШ уақыттың өзекті мәселелеріне бірге жауап беруі керек, — деді Қытай басшысы.

Ол сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық байланыстары екі тарапқа да тиімді екенін атап өтті.

Кездесу Халық жиналысы үйінде өтті. Келіссөзден кейін АҚШ президентіне үзіліс берілді, ал кешке Си Цзиньпин Трамптың құрметіне мемлекеттік банкет ұйымдастырады.

Қабылдауға Қытай шенеуніктері, саясаткерлері және бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде. АҚШ тарапынан Трамптың өзі, мемлекеттік хатшы, президенттің ұлы мен келіні, сондай-ақ Илон Маск, Тим Кук, NVIDIA басшылығы және басқа да ірі америкалық бизнес өкілдері шақырылған.

АҚШ әлем жаңалықтары Дональд Трамп Қытай Си Цзинпинь

Оқылып жатыр

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

Қызылорда облысында 14 жыл бұрынғы жасөспірім өлімі ашылды

Tesla Cybertruck Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде қолданады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

Басты тақырып 14 мая, 2026

Астана. 14 мамыр. BM.KZ – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық қан орталығында қан компоненттерінің жапсырмаларында…

Қызылорда облысында 14 жыл бұрынғы жасөспірім өлімі ашылды

14 мая, 2026

Tesla Cybertruck Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде қолданады

14 мая, 2026

Әлем көз тіккен келіссөз: Трамп пен Си Цзиньпин не талқылады

14 мая, 2026

Қазақстанда үш жаңа орден пайда болды — Заң мақұлданды

14 мая, 2026

Елордада әйгілі Леонардо да Винчиге арналған халықаралық көрме өтеді

13 мая, 2026

Қазақстанда I тоқсан бойынша орташа айлық жалақы аталды

13 мая, 2026

Мұғалім оқушы үшін сабақ кезінде ғана жауапты болады

13 мая, 2026

Қызылорда облысында медицина колледжінің студенті жатақханада кісі қолынан қаза тапты

13 мая, 2026

Мұрат Ергешбаевтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды

13 мая, 2026

ІІМ оқушылар мен студенттерді есірткі қылмысынан сақ болуға шақырды

13 мая, 2026

Террористік қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адам елге қайтарылды

13 мая, 2026

Тегеран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кабельдерге алым салуды жоспарлап отыр

13 мая, 2026

Атырау облысында тұтас бір отбасының өліміне қатысты сот ашық режимде өтеді

13 мая, 2026

Алматыда жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтеді

12 мая, 2026

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандар жазаланады?

12 мая, 2026

Астанадағы LRT 16 мамырда жолаушылар тасымалын бастайды

12 мая, 2026

Каспий жағалауында итбалықтар мен аққулардың қырылу себебі анықталды

12 мая, 2026

Ыбықты Сайдағы жартасты бүлдірген маңғыстаулық 25 тәулікке қамалды

12 мая, 2026

Қазақстанда акушерлер, педиатрлар және анестезиологтар тапшы

12 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.