Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.