Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров TikTok желісінің бала психикасы мен денсаулығына залал келтіріп жатқанын айтты.
Ол TikTok-ты кәмелет жасына толмаған балалар үшін қатаң шектеу немесе Қытай еліндегідей балаларға арналған форматын ғана қолдануды ұсынды.
«Балалар арасында кеңінен танымал TikTok-тың жастарымызға рухани зияны артып келеді. Өкінішке қарай, бүгінгі жастар ата-баба тәлімімен емес, негізінен TikTok арқылы тәрбиеленіп жатыр. Онда пайдалы контентпен қатар, баланы жағымсыз әдеттер мен теріс қылықтарға бастайтын бейнематериалдар да жеткілікті», — деді ол.