Енді ол екі файлдың орнына бір файлдан тұрады, деп хабарлады ұлттық куәландырушы орталығы.
Бұрын электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу кезінде қазақстандықтар екі кілт алған: біреуі тіркеу үшін, екіншісі қызмет алу кезінде қол қою үшін пайдаланылды.
E-gov порталындағы «ЭЦҚ-ны қашықтан алу» қызметіне тапсырыс беру арқылы жаңа ЭЦҚ-ны ала аласыз. Ескі ЭЦҚ мерзімнің соңына дейін жарамды болады.