• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Бектенов әкімдерге шаруаларға тиесілі субсидияларды әділетті бөлуді қатаң тапсырды

Бектенов әкімдерге шаруаларға тиесілі субсидияларды әділетті бөлуді қатаң тапсырды

10 мая, 2024 Жаңалықтар

Бүгінгі таңда Қазақстанның кейбір өңірлерінде егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 1,5 млн га жерге егілді.

отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ Түркістан, Ақмола және Қостанай облыстарының әкімдері егіс науқанының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Malim.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың болжамды егіс алаңы 23,8 млн га құрайды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бидайдың егістік алаңдары биыл қысқарады, алайда майлы дақылдар алаңын 373 мың гектарға және азықтық дақылдарды 66 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қазақстанның кейбір өңірлерінде егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 1,5 млн га жерге егілді. Ал жаппай егіс науқаны осы жылдың мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әкімдіктердің деректері бойынша бүгінгі күні қажетті 2,4 млн тонна тұқымның 99%-ы бар екенін баяндады. Қалған көлем Азық-түлік корпорациясының резерві есебінен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бүгінгі таңда шаруаларға барлығы 453 мың тонна тыңайтқыш тиеп-жөнелтілді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, биылға арналған жоспар 1,5 млн тонна минералды тыңайтқышты құрайды, оның ішінде 900 мың тоннасы отандық зауыттардың өніміне тиесілі. Бұл бағыттағы жұмыс тек Қызылорда облысында ғана толық аяқталды. Қалған әкімдіктерге жұмысты жеделдету қажет.

АШМ деректері бойынша, егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 150 мың трактор, шамамен 5 мың жоғары өнімді егіс кешені, 76 мың сепкіш, 219 мың топырақ өңдеу құралы бар. Бүгінгі таңда өңірлердің ақпараты бойынша техниканың дайындығы шамамен 98%-ды құрайды, жаппай егіс жұмыстарының басталуына қарай аталған техника 100% дайын болуы керек.

Егістіктерді химиялық өңдеу үшін мемлекет пестицидтердің құнын 50% мөлшерінде субсидиялау түрінде қолдау көрсетеді. Бұл қолайлы фитосанитариялық жағдайды сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2023 жылы шегірткелердің таралу аумағының үлкен болуына байланысты, биыл 2,5 млн га алаңда химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Аталған жұмыстарды жүргізу үшін барлық қажетті ресурстар бар.

2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдікті дизель отынының көлемі шаруалардың «Gosagro.kz» ақпараттық жүйесі арқылы берген электрондық өтінімдері негізінде дайындалды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлерге биыл жеңілдетілген дизель отынының көлемі қосымша 36 мың тоннаға – 376 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Оның құны литріне 250 теңге деңгейінде сақталады, бұл нарықтық бағадан литріне 45 теңгеге немесе 15% арзан. Облыстарды тиеп-жөнелту бойынша МӨЗ-ге бекіту кестесі бекітілді, бүгінде 52% жөнелтілді.

Энергетика министрлігінің деректері бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына жөнелту басым негізде жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда болады.

Көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Үкімет 140 млрд теңге бөлді. Форвардтық сатып алу бағдарламасына 40 млрд теңге көзделген. Осыған байланысты Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егіс науқанын дер кезінде сапалы жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. АШТӨ тиімді субсидиялауға ерекше назар аудару тапсырылды.

Субсидияларды бөлу бойынша барлық құқықтар әкімдіктерге берілгендіктен, Сізге, Айдарбек Сейпілұлы, әкімдермен бірлесіп, шаруаларға тиесілі субсидияларды әділетті және тиімді бөлу мәселесін қатаң бақылауға алу қажет. Қаржы осы саладағы ірі ойыншылардың табыс көзіне емес, ауыл тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығарылатын өнім көлемін арттыруға ықпал етуі тиіс, – деді Олжас Бектенов.

Облыстардың әкімдіктеріне шағын және орта деңгейдегі қожалықтарға назар аударып, шаруалардың барынша ауқымды бөлігін қамту тапсырылды.

Премьер-министр ауа райының ұзақ мерзімді болжамын ескере отырып, егіс жұмыстарын дұрыс жоспарлауға назар аударды.

Республиканың оңтүстік өңірлерін, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар Үкіметтің ерекше бақылауында.

Оңтүстік үшін сумен қамтамасыз ету мәселесі маңызды. Жамбыл облысында былтырғыдай жағдай қайталанбауы тиіс. Су ресурстары және ирригация министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, еліміздің оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отандық зауыттарда тыңайтқыштардың жетіспеуі себебінен ауыл шаруашылығы өндірушілерінен келіп түскен шағымдар аясында Үкімет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сұранысқа ие тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Әкімдіктер тыңайтқыштар мен жеңілдікті дизель отынын жөнелтуді жеделдетуі қажет.

Фитосанитариялық жағдай бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, шегірткелердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурстарды жұмылдыру және өңдеу жұмыстарын бақылауға алу тапсырылды. Республикалық бюджеттен табын шегіртке зиянкестерімен күресуге биыл 8,1 млрд теңге бөлінді.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша барлық мәселелер жедел шешімін тауып, тұрақты бақылауда болуы тиіс. Туындаған мәселелерді Жедел штаб жұмысы аясында шешу қажет, – деп тапсырды Премьер-министр.

Фото: интернеттен

Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.

https://malim.kz/article/politics/bektenov-akimderge-sarualarga-tiesili-subsidiyalardy-adiletti-boludi-qatan-tapsyrdy-21820

Оқылып жатыр

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушылары тарапынан…

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025

Зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды

12 декабря, 2025

Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен

12 декабря, 2025

Алматыда аналарды сәбиін сатуға итермелеген қылмыстық топ қолға түсті

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.