ҚР мәжіліс депутаты заңнама және сот құқықтық реформа мүшесі Марат Бәшімов адам саудасы жөніндегі мәселе осы уақытқа дейін халықаралық деңгейде қаралмағанын, сондықтан көп назар аудару керек екендігін айта кетті. Депутаттың сөзінше адам саудасы жәбірленушілердің көбісі ата-анасының қамқорлығынан айырылған жандар, кәмелеттік жасқа толмаған немесе қарт жастағы, ерекшеліктері бар, екі қабат әйелдер.
Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізу туралы заң жобасында, медициналық ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету факті туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауаптылықты енгізу және оны бала құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті ретінде айқындау көзделеді.
Мәжіліс депутаттары адам саудасы жобасын 2-ші оқылымда қабылдау жөнінде қаулы дауысқа салу туралы шешімге келді.