Премьер-Министр Олжас Бектенов China Nonferrous Metal Mining Co. Ltd. Директорлар кеңесінің төрағасы Си Чжэнпинмен осындай келісімге келді.
Зауыт Абай облысындағы Ақтоғай кентінің маңында салынады. Алдын ала құны 1,5 млрд доллар болатын жобаның пайдалану кезеңінде 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Жоба 2028 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.