Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай аппараттық жиында Маңғыстауда тіркелген жер қойнауын пайдаланушылардың өңірді дамытудағы міндеттемелерін қарады.
Жиында келтірілген мәлімет бойынша, облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушы 208 компания бар. Олардың ішінде кең таралған пайдалы қазбалармен айналысатын компаниялар саны 152 болса, 56 мұнай компаниясы тіркелген.
«Бұл мекемелердің өсуіне, дамуына ешқандай қарсылығымыз жоқ. Өссін, байысын. Бірақ, біздің Маңғыстауда жұмыс жасап жатыр екен демеушілік жағынан болсын халықпен бөліссін. Барлығын бірдей бюджетке іліп қоя беруге болмайды. Ірі, шетелдік үлесі бар мекемелер де халықпен аз да боласа табысын бөлісу керек. Әкімшілік тараптан көмек болса, көмектесеміз», — деді Нұрдәулет Қилыбай.