Елімізде сыбайлас жемқорлықтың 80% мемлекеттік сатып алулармен байланысты. Соның кесірінен де қазақстандық өндірушілер қолдаудан құр қалып отыр.
Мәселені шешудің бір жолы бар. Мониторинг жүргізетін жүйе құрылуы тиіс. Мәулен Әшімбаев жаңа заңның осыған ықпалы болатынына сенім білдірді.
«Біз кәсіпкерлермен кездесулерде осы мәселеге баса назар аударып келеміз. Олар кейбір жеткізушілер өнімді басқа елдерден әкеліп, оған «Қазақстанда жасалған» логотипін жапсырып қоятынын айтады. Осылайша, олар тендерлерге қатысып, демпинг пен төмен баға есебінен ұтып алу мүмкіндігіне ие. Егер осы заңды депутаттар қолдаса және оған Мемлекет басшысы қол қойса, мониторинг жүргізетін жүйенің құрылуына ықпал етеді деп үміттенеміз. Сондай-ақ өз өнімдерін өндіретін, жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, салық төлейтін нақты қазақстандық өндірушілерді қолдауға жол ашылады деп сенеміз», — деді сенат спикері.