Елімізде құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке сән-салтанат салығы салынады
“Жалпы бір немесе бірнеше нысан 450 млн теңгеден асып кетсе, онда мүлік салығының көтерілген мөлшерлемесі автоматты түрде енгізіледі.
Сондай-ақ елге әкелінетін 75 млн теңгеден жоғары автокөліктерге 10% қосымша акциз салынады.
Дәл сол сияқты 100 млн теңгеден асатын яхта, ұшақ, кемелерге де 10% белгіленбек.
Яғни осындай мүлікті сатып алуға мүмкіндігі бар тұлғалар ұлғайтылған салық және акциз арқылы қосымша төлем жасайды”, — деді Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев.
Көп салық салынатын заттардың тізімінде қымбат темекілер мен алкогольдік сусындар да бар.
Мұның барлығы жаңа Салық кодексінің жобасында қарастырылған.