Қазақфильмнің» 300 млн теңгеге түсірген туындысы жеті-ақ мың теңге табыс әкелген
«Аруақ» фильміне 300 млн теңге жұмсалса, табысы 7 мың теңге ғана түскен. «Композитор» фильміне 1,2 млрд теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды. Ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша 2019-2023 жылдары бюджеті 6,7 млрд теңге, ал прокат соммасы 1,1 млрд теңге. Өкінішке қарай, осындай мысалдар өте көп. Сондықтан мемлекеттік аудиторлардың есептері ескерілмеді деген күмән бар», — деді Сенат депутаты Бекболат Орынбеков.
Оның айтуынша, 2016-2022 жылдары «Қазақфильмге» кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен оның 4,8 пайызы ғана ақталған.