Солтүстік Арал теңізінде су көлемі артты
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан кіретін мемлекетаралық үйлестіру су комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға 997 миллион текше метр су ағатыны туралы келісімге келген.
«Жыл басынан бері Солтүстік Аралға 1,1 миллиард текше метр су құйылды. Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы судың көлемі 21,4 миллиард текше метр болып отыр», — делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қазір теңізге секундына 50 текше метр су құйылып жатыр. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метр болған еді.
Солтүстік Арал теңізінде су көлемі артты
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы
