Елімізде сейсмологиялық зерттеулерге 1,5 млрд теңге бөлінеді
«2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Сейсмология институты «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» деп аталды. 2024 жылғы 9 қаңтарда «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес, ол ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелген. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылым министрлігі 2024-2026 жылдарға жариялаған конкурсқа «Қазақстанның өңірлері мен қалаларының сейсмикалық қауіптілігін қазіргі ғылыми-әдістемелік негізде бағалау» ғылыми-техникалық тапсырмасы енгізілді», деп түсіндірді ведомство өкілдері.