Қырғызстанда жүрген сел: қазақстандық екі бала қаза тапты және тағы екеуі жоғалып кетті Қырғызстанда болған жойқын селден қаза тапқандар ішінде қазақстандық екі бала бары анықталды. Сондай-ақ тағы екі бала жоғалып кеткен. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын болуына байланысты Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны өтіп, оның салдарынан тұрғындар мен туристер арасында зардап шеккендер бар. Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігінің алдын ала берген ақпараты бойынша, қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазіргі таңда екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», — делінген хабарда.
Табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару қызметтері жұмыс істеп жатқаны айтылады.