Елордада 3 шілдеде Астана күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында Ботаникалық бақта отшашу болады
Отшашу сағат 22:00-ден 22:30 аралығында болады деп жоспарланған.
«Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады.
Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет», — делінген хабарда.
Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан тамашалауға болады.
Baimedia.kz