Украинада қаралы күн
8 шілдеде Киевте ел бойынша ең үлкен «Охматдет» балалар ауруханасына ракетамен шабуыл жасалды. Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі онда 600-ге жуық науқас пен қызметкер болғанын, бірнеше операция жасалып жатқанын хабарлады.
Оқиға салдарынан 27 адам қаза тауып, 100 азамат зардап шекті.
Ресейлік БАҚ бұл Украинаның өз зымыраны болды деп мәлімдеді. Ал президент Владимир Зеленский мұндай мәлімдемелерді жоққа шығарды. БҰҰ Ресейдің зымырандық шабуылын қатаң айыптады. Еуропалық Одақ та дәл осындай ұстанымда. «Балаларға шабуыл жасау арқылы Ресей бейбітшілік келіссөздеріне қатысты өзінің қатыгездігі мен толық сенімсіздігін тағы бір рет көрсетті», — деп атап өтті одақ өкілдері.