Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен орнында кенші көз жұмды
Жазатайым оқиға «Соколовская» шахтасында болған. Бұл туралы компания өз әлеуметтік желісінде жазды. «280 метр деңгейде жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған», — делінген мәлімдемеде.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.