• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Тұлға өлтіру ойыны: Украинада саясаткерлердің өлімі неге жиілеп кетті?

Тұлға өлтіру ойыны: Украинада саясаткерлердің өлімі неге жиілеп кетті?

21 июля, 2024 Саясат

Соңғы кезде саясат сахнасынан түспей келе жатқан Украинада беделді саясаткерлер мен төртінші билік өкілдерінің өлімі жиілеп кетті. Жұмбақ өлімдердің артында не жасырынып тұр? Жиіленіп кеткен жайттар әлдекімнің «тапсырысы» ма? Әлде мемлекеттің өзіне мән бергізу тәсілі ме? Мәселен, Қазақстаннан қашуға мәжбүр болған оппозициялық журналист, «Бәсе» Youtube-арнасының авторы Айдос Садықов Киевте оққа ұшқаны бәріне мәлім. Кейін 13 күннен соң 2 шілдеде көз жұмды. Кейінгі 10 жылда отбасымен бірге Украинада тұрған Садықов қос елдің тарихында да қастандықпен өлтірілген алғашқы журналист емес. Дегенмен саяси ықпалды автордың өлімі 19 шілдеде Львовта «Бостандық» партиясының бұрынғы Жоғарғы рада депутаты және оқытушы Ирина Фарионға жасалған қастандықпен жалғасын тапты. Оқ атылған ол, өкінішке орай, ақыры есін жимастан ауруханада қайтыс болды.
Қылмыскерге іздеу салынып жатса да алдымен саясаткердің қарсыластары назарға алынып отыр. Айта кетейік, ұзақ уақыт бойы Ирина Фарион Ресейді агрессивті сыртқы саясаты үшін сынға алып келген болатын. Тіптен 2015 жылы Ресей Федерациясында оған қарсы қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылы да Украинаның өзінде армияның беделін түсіргені үшін Фарионға іс қозғалғаны жасырын емес. Себебі саясаткер орыс тілінде сөйлейтін украиналық сарбаздарды қорлады. Сондықтан оның өлімінің бенефициарларының арасында барлық бұқаралық ақпарат құралдарында кісі өлтірудің артында Ресей тұр және Украина мен НАТО одақтастарының қорғаныс шығындарын арттыру керек дейтін Ресейді де, Украинаны да, Батысты да атауға болады.
«Ирина Фарион кімнің жолын кесті? Айта кету керек, Иринаның жаулары жеткілікті. Мұнда 2015 жылы Ресейге қарсы саясат үшін оған қарсы іс қозғаған Ресей де бар. Өткен жылы орыс тілінде сөйлейтін украиналық сарбаздарды сынағаны үшін істі бастаған Украина да бар. Екі тарап та белгілі азаматтық белсендіні өлтіруге қатысты болуы мүмкін. Біз Ресейді кінәлау үшін арандатушылық тудыруы мүмкін Батысты да жоққа шығармаймыз. «Тіл Киевке апарады» деп бекер айтылмаған. Сондықтан тергеу Киевке байланысты болуы мүмкін немесе кем дегенде тапсырыс берушіден нұсқау алған орындаушыны табу керек. Өйткені, қару-жарақпен шекарадан өтіп, соғыс уақытында әйгілі адамға шабуыл жасау американдық фильмдердегідей оңай дүние емес. Тергеу нәтижелерін күтеміз»дейді қазақстандық журналист Айдос Болатов.
Мойындау керек, саясаттың салқын салдары БАҚ өкілдеріне соқпай өткен емес. Мысалы, 2022 жылғы 7 маусым күнгі мәлімет бойынша, Ресей Украинаға соғыс ашқан аз уақыт ішінде 32 журналист қаза тапқан. Бұл жөнінде Украинаның мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченко мәлімдеген болатын.
– 4 айдың ішінде 32 әріптесімізден айырылдық, соңғы сегіз жылда одан да көп журналист қаза тапты. Журналистер – бүгінгі күннің батырлары. Адамдық адал маман иелерінің әділетті қоғам үшін атсалысып жатқан әрбір бастамасына баға жетпейді, – деп жазған еді Ткаченко әлеуметтік желіде.
Тұлғалардың жұмбақ өлімі қашанда жалғыз өзінің ғана емес, біртұтас ұлттың тарихи оқиғаларымен тұтасып жатады. Украиналық саясаткерлердің өлімі де «дәстүрге» айналып бара жатқандай. Келесі кім?
Дина Бөкебай

Оқылып жатыр

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

Қазақстанға қарсы бағытталмаған: Украина КҚК-ға жасалған шабуыл туралы

Қазақстанның СІМ Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты наразылық білдірді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.