Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20 пайызға қымбаттайды.
«Елімізде 140 жолаушы тасымалы бағыты жұмыс істейді, тарифтердің көтерілуі оның 62-сіне әсер етеді. Бұл вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет”, — делінген министрлік хабарламасында.