• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Жастармен бірге» атты онкүндік қорытындыланды

«Жастармен бірге» атты онкүндік қорытындыланды

13 августа, 2024 Жаңалықтар

Қызылордада жастар күніне арналған онкүндік қорытыланды деп хабарлайды Баймедиа.кз. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қоғамның қозғаушы күші — жастарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Президентіміздің, Үкіметтің, облыс әкімінің қолдауымен аймақ жастарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі — өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін аймақта алғаш рет «Сыр жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы» қабылданды.

Нәтижесінде жыл басында 60 жас отбасы қоныс тойын тойласа, жақын күндері 40 жас отбасыға пәтер кілттері табысталмақ.

Биылғы жылы білімді жастарымызды қолдау мақсатында дәстүрге айналған аймаққа қажетті мамандықтар бойынша облыс әкімінің 100 гранты тағайындалды.

Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, оларға кәсіппен шұғылдануға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында қаржылық қолдау бағдарламасы арқылы несие портфелі 3,7 млрд. теңге болатын жас кәсіпкерлердің 130 жобасы субсидияланды.

2,1 млрд. теңгеге жас кәсіпкерлердің 115 жобасы бойынша кепілдік шарты жасалса, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жас кәсіпкерлердің 48 жобасы қаржыландырылды.

100 мың жасты жұмыспен қамту тапсырмасына сәйкес биыл аймағымызда 6 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылады.

Бүгінде облыс көлемінде NEET санатындағы жастардың үлесін төмендетуге барынша күш-жігер жұмсалуда. Осы мақсатта арнайы Жол картасы қабылданады.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мәдени-рухани дамуына барлық жағдай жасалуда.

Соңғы екі жылдың өзінде көптеген әлеуметтік нысандар бой көтерді.

Талантты жастарымызды қолдау мақсатында мың орындық «Өнер орталығы» салынса, қала және аудандарда 171 мәдениет үйі жанында «Адал адам» мәдени-рухани орталықтары өз жұмыстарын бастап кетті.

Осы игі бастамалардың жалғасы ретінде биылғы жылы 7 ауданда «Руханият» орталықтары, музыкалық колледж, инновациялық шығармашылық орталығы, «Оқушылар сарайының» құрылысы жүруде.

Жас отбасыларға отбасы құндылығын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, «отбасы», «шаңырақ» ұғымының қадір-қасиетін түсіндіру мақсатында «Отбасы орталығы» және балауса бойжеткен қыз баладан ардақты асыл әжеге дейін бас қосатын тал бесік — тәрбие мектебіне айналған «Анаға тағзым орталығы» өз қызметін жүзеге асыруда.

Байрақты бәсекелерде көк тумызды желбіретер болашақ чемпион жастарымыз үшін заманауи 10 мың орындық стадион, үстел теннисі орталығының құрылысы басталса, алдағы уақытта көп функционалды «Қызылорда арена» кешенін салу жоспарлануда. Жалпы былтырдың өзінде 9 спорт кешені қолданысқа беріліп, биыл 15 кешеннің құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 21 мектеп салынады. Осының барлығы жастарымыздың игіліктері үшін!»,- деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары.

Қорытынды шарада 20 жас марапатталды. Оларға ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты» және облыс әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды. Марапатталғандар құрамында механизатор, кәсіпкер, ерікті, оқытушы, журналист, гидрометаллург, спортшы, өнерпаз, IT саласының мамандары секілді жастар бар.

Бұдан бөлек «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық байқауының жеңімпаздарына 250 мың теңгенің сертификаты табысталды. Аталған марапат иелерінің барлығы түрлі бағыт бойынша жаңа кәсіп бастаған жастар.

Биыл Халықаралық жастар күні «Жастармен бірге» ұлттық онкүндік ретінде қала, аудандарда атап өтілді. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, онкүндік аясында аймақта «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, спорттық шаралар, «Дені сау жас – ел болашағы» атты медициналық кеңес беру, «Адал азамат» бейресми кездесулері, «Игі істер марафоны» қайырымдылық акциясы, «Түнгі кітапхана», «Ziyatker quest» интеллектуалды сайысы, «Донор бол» акциясы, «Аспан синема» шарасы өткізілді. Жалпы осы бағытта облыс бойынша 385 шара ұйымдастырылса, онда 50 мыңға жуық жастар қамтылған.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025376 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.