Такси жүргізушілері 50 шақырымнан астам қашықтыққа тасымалдауға шектеу енгізу туралы ұсынысқа қарсы шықты. Көлік министрі Марат Қарабаев көпшіліктің наразылығына жауап берді.
«Министрлік мұндайды ұсынған жоқ. 50 немесе 100 км шектеулері маңызды емес, мұндай нақты өзгеріс жоспарланбаған. Бұл агрегаторлардың қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобына қатысушылардың ұсынысы болды. Мұндай түзету әзірленіп жатқан жоқ және талқыланбайды, – деді көлік министрі үкімет отырысында.