Күніне 5-6, тіпті 10-нан астам ұшақ кешігеді. «FlyArystan» әуекомпаниясы рейстердің іркілу себебін түсіндірді деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Компания өкілдерінің сөзінше, өткен апта бұршақ жауып 5 ұшаққа зақым келген. Тағы 5 әуе кемесі түрлі себептерге байланысты істен шыққан. Қазір олар қайтадан жолаушы тасымалдап жатыр. Сондай-ақ еліміздің бірнеше қаласындағы әуежайларда жөндеу жұмыстары басталған. Сондықтан түнгі рейстердің басым бөлігі күндізге ауыстырылған. Ал көлік вице-министрі бұл мәселе жуық арада шешіледі деп халықты сабырға шақырды.
«Ақтөбе аэропортының ұшу-қону жолы жөнделіп жатыр. Ақтау аэропортында басталды. Астана әуежайы 20 жыл бойы ремонт жасалған жоқ, 100 мың шаршы метрге жасап жатырмыз. Келесі айдың ортасына дейін бітіреміз. 24 сағат әуежай істегенде сағатына 10-12 рейс келеді. Қазір күндіз 20-25 рейстерге дейін үлкейді» дейді ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.