• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Азаматхан Әміртаев: «АЭС құрылысы Қазақстанның тұрақты дамудағы әлеуетін арттырады»

Азаматхан Әміртаев: «АЭС құрылысы Қазақстанның тұрақты дамудағы әлеуетін арттырады»

27 августа, 2024 Жаңалықтар

Астанада басталған KazAtomExpo Халықаралық ядролық технологиялар көрмесінде Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев атом энергиясының маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз.

«Жаһандық энергетикалық дағдарыстар мен климаттың өзгеруіне байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету еліміз үшін негізгі басымдыққа айналуда. АЭС ішкі қажеттіліктерді де, экспорттық әлеуетті де, тұрақты энергетикалық секторды да қамтамасыз етуге қауқарлы» деп мәлімдеді жасылдар партиясының төрағасы.

Сонымен қатар ол атом станциясы құрылысының артықшылықтарын да атап өтті.

«Атом электр станциясын салу жобасы қайшылыққа толы пікірталастарды тудырып, қоғамның түрлі топтарының мүддесін қозғайды. Атомдық физиканы алғаш оқушы кезімде станция құрылысын салуда тәжірибесі бар ядролық маман, физика пәнінің мұғалімі үйретті. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы ретінде осы тақырыпты жан-жақты қарап, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздік тұрғысынан мұқият талдау жүргізіп, ғылыми деректерге сүйенген көзқарасымды ұсынуды парызым деп санаймын. Электр энергиясына сұраныстың өсуі мен энергетикалық теңгерімді әртараптандыру қажеттілігіне байланысты АЭС-те электр энергиясын өндіру үшін меншікті уранды пайдалану таяу онжылдықтарда энергия тапшылығын дер кезінде жоя алатын стратегиялық ақталған қадам болмақ» деді ол.

Экологиялық мәселелерге мән беріп, жауапкершілік жүгін арқалап жүрген партия төрағасының айтуынша, АЭС салу энергетикалық қауіпсіздік, ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылық, атом энергетикасының экологиялқ тазалығы, өндірістік қалдықты барынша азайту сынды нәтижелі шешімдерді ұсынады. «Айта кетейік, атом энергетикасының артықшылықтарының бірі оның парниктік газ қалдықтарын аз шығаруы. Көмір станциялары жыл сайын атмосфераға мыңдаған тонна CO2 шығарады, ал АЭС іс жүзінде электр энергиясын өндіру процесінде көмірқышқыл газын шығармайды. Бұл атом энергиясын климаттың өзгеруіне және көміртегі бейтараптығы стратегиясының орындалуына қарсы жаһандық күресте маңызды құралға айналдырады. Бұл тезистің төңірегінде талқылау жүргізген әлемнің 100-ден астам президенті өткен жылы Дубайда өткен ССО 28 конференциясында бас қосты. Біздің партия делегациясы оған қатысып, осы мәселедегі ортақ шешімге куә болды. Әрине, шешім – атом электр станциясының энергиясын таңдау» дейді Азаматхан Әміртаев.

Сонымен қатар түрлі қауiптерге қарамастан, қазiргi заманғы АЭС барлық қажеттi қауiпсiздiк стандарттарын сақтаған кезде қоршаған ортаның экологиялық тазалығына мейлiнше аз әсер етедi. Қазіргі заманғы технологиялар қалдықтардың көлемін едәуір қысқартуға, ал кейіннен оларды қолданудың сенімді әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді екен.

 

– АЭС қауіпсіздігі – бірінші кезектегі маңызды мәселе. Құрылыстың бүгінгі тұжырымдамасы құрылыс басталған сәттен пайдалануға дейінгі және пайдаланудан қалдық шығаруға дейінгі барлық кезеңдерде қауіпсіздіктің барынша мүмкін деңгейін қамтамасыз етеді. Тіптен жаңа реакторлардың негізгі басқару жүйесі істен шыққан жағдайда да аварияларды автоматты түрде болдырмайтын пассивті қауіпсіздік жүйелері бар. Қазақстан қоршаған орта мен халықты барынша қорғауға кепілдік беру үшін МАГАТЭ және басқа да ұйымдар қабылдаған халықаралық қауіпсіздік стандарттарын ұстанбақ.

Адам факторын да ұмытпау керек. АЭС-те жұмыс істейтін мамандарды даярлау – станция қауіпсіздігі мен сенімділігінің басты кепілі. Осыған орай «Байтақ» жасылдар партиясы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін оқу бағдарламаларын, соның ішінде барлық тиісті жобаларды әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Сондай-ақ ғылымның жетістігін өмір салтын жақсарту мақсатында қолданбас бұрын үрей мен теріс пікірді жою үшін халыққа сауатты, арнайы сала мамандарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек секілді. Бұл жағынан партияның халықаралық тәжірибесі мол.

Қазақстанда атом электр стансасының салынуы тек энергетикалық қауіпсіздікті ғана емес, сонымен бірге ел үшін айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық пайданы білдіреді. Жобаға сәйкес жаңа жұмыс орындары мен өңірлерді дамыту да маңызға ие. Атом электр станциясын салу және пайдалану жобасы стансаның құрылысы мен пайдалану кезеңінде де мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Яғни, инженерлер мен ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жұмысшылар, техникалық қызмет көрсететін персонал, қауіпсіздік және экология саласындағы мамандарды қамтиды. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту өңірлердің дамуына қуатты серпін беретін іргелес салалардың дамуына әкеледі» дейді ол.

Сонымен бірге АЭС салу елімізде инвестицияларды тарту және технологияларды дамыту, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, атом энергиясын жауапкершілікпен пайдалану, транспаренттілік және халықтың қатысуы сынды маңызды міндеттерге жол ашады. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы еліміздің әрбір азаматы осы жобаның қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына сенімді болуы үшін дайын қоғамдық тыңдаулар, ашық кеңестер мен талқылаулар өткізуді талап ететінін айтты. «Біз атом электр станцияларын салу мен пайдалануға қатысты қоғам мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуын қамтамасыз ететін механизм құруымыз керек. Аталған жоба елімізді сапалы өмір, дамыған болашақ, таза қоршаған ортамен қамтамасыз ететін Қазақстанның энергетикалық стратегиясының маңызды элементіне айналатынына сенімдіміз» деп қорытындылады партия төрағасы.

Оқылып жатыр

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Грэмми-2026: Bad Bunny «жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетті

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024842 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Ақорда 2 февраля, 2026

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Әсет Ерғалиев жаңа қызметке ауысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. — Мемлекет…

Грэмми-2026: Bad Bunny «жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетті

2 февраля, 2026

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

2 февраля, 2026

Қазақстан халқының саны белгілі болды

2 февраля, 2026

Жамбыл облысында анасы баласын ұрып-соққан

2 февраля, 2026

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды

2 февраля, 2026

TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

2 февраля, 2026

Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді

2 февраля, 2026

Мемлекет басшысы журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

2 февраля, 2026

ІІМ көлік жүргізушілерін даярлау курстарына қатысты мәлімдеме жасады

2 февраля, 2026

Президент Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады

2 февраля, 2026

Алькарас «Үлкен дулығаны» толық жеңіп алған ең жас теннисші атанды

2 февраля, 2026

Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан көз жұмды

2 февраля, 2026

Алтын мен күмістің бағасы күрт төмендеді

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

1 февраля, 2026

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты

1 февраля, 2026

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанды

31 января, 2026

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

31 января, 2026

Ұлттық ресурстардан түскен табысын 200 мыңнан аса бала пайдаланған

31 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.