- Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу үшін арнайы фабрика, зауыттардың жұмысын жандандыру керек. Ол үшін ең алдымен бұл бағытты қолдайтын кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмейтін заң жобаларын қабылдау керек. Сонымен қатар, оларды тұрақты энергия көзімен қамту үшін елімізге АЭС керек.бұл туралы Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында өткен жиында айтылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде берілген ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында «Байтақ» партиясы мен «Парасат» кәсіпкерлер Альянсы Президенттің қуатты өнеркәсіп құру жоспарындағы мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған мәселелерді көтерді.
Баспасөз-мәслихатында сондай-ақ, елдегі экологияға зиянын тигізіп отырған мәселелр де қозғалды. «Байтақ партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев өндірістік қалдықтардан арылу, оларды қайта өңдеу арқылы пайдаға асыру мәселесін қозғазыд. Алайда бүгінгі күні оны іске асыру үшін кей заңдарға өзгеріс енгізу керек, тіпті қосымша заңдар қабылдау керек.
Журналистер алдында «Парасат» кәсіпкерлер Альянсының, «Қазхимпром» ЗТБ төрағасы Олег Пактың осы күннен бастап, «Байтақ» жасылдар партиясы төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғаны туралы айтылды.