Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20%-ға қымбаттайды.
Еліміздегі 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыздың 62-сінің тарифі көтерілмек. Стандарт вагондардың билет құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге, ал Тальго пойызындағы билеттер 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге өседі.
Сондай-ақ, Қазақстанда 2 667 жолаушылар вагоны бар, олардың 44%-ы тозған, бұл жолаушылардың сапалы қызмет алуына әсер етуі мүмкін.