Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бұл петицияны қолдамайды екен.
«Егер Қазақстан халқының басым бөлігі қолына қару ұстай алмайтын болса, ел басына күн туғанда кім келеді, тез арада оларды кім дайындайды? Келісімшартқа көшу жағы, әлбетте, жақсы, бірақ ол ел экономикасына ауыр тиюі мүмкін», — деді ол.
Петиция авторы әскердегі сарбаздардың өлімі әлсіз жүйенің салдары екенін жазған.