Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді. Бұл туралы құқық қорғаушы Инга Иманбай айтты.
«Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз», — деп жазды ол.
Ербаян Мұхтар Астанадан Ыстамбұлға 27 қыркүйек таңғы 8:00-де ұшып кеткен. Естеріңізге сала кетейік, Ербаян Мұхтар әскерде соққы алып, 6 ай комада жатқан.