Қызылордада Антикор қызметкеріне 1 миллион теңге көлемінде пара бермек болған имам қызметінен кетті, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы.
«Ыбырай молда мешітінің имамы Нұрман Талғат Нұрманұлы ҚМДБ-ның қаулысымен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оңалтуға жатпайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына байланысты қызметінен босатылды. Нұрманның ҚМДБ жүйесінен босатылғаннан кейінгі жұмыс орны мен қызметі туралы бізде мәлімет жоқ», — деп түсіндірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Айта кетейік, имам пара беру арқылы «деструктивті діни ағымды жақтаушылардан ақша алады және екі әйелі бар» деген сыбыстан құтылмақ болған.