Германия канцлері Олаф Шольц қарашада Бразилияда өтетін G20 саммиті қарсаңында Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Die Zeit газеті жариялады, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы.
Мәліметке сәйкес, Германия әлі бұл кездесу туралы ресми сұрау жібермеген. Егер қоңырау жүзеге асса, Шольц Украина үшін маңызды одақтас елдердің басшылары арасынан Ресей президентімен тікелей байланысқа шыққан бірінші жақ болмақ.
Айта кетсек, соңғы рет канцлер Путинмен 2022 жылдың желтоқсанында сөйлескен болатын. Сонымен бірге, АҚШ президенті Джо Байден, Франция президенті Эммануэль Макрон және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон да Ресей президентімен соңғы рет 2022 жылы сөйлескен еді.