Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында туризм және спорт министрлігі тоғызқұмалақ тақтасының ғарышқа ұшқанын “BaiMedia” ақпараттық порталы хабарлады.
«Тақта 9 қыркүйек күні ғарышқа ұшып кеткен, миссиясы аяқталған соң жерге қайта оралды. Бұл ерекше оқиға, өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болып келген тұңғыш ұлттық ойынымыз», — деген еді министрлік.
Nege.kz редакциясының журналистері министрліктен тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа ұшыру құны қанша болғанын, «Роскосмоспен» қалай келіскенін сұраған. Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа апарып келу үшін 2 628 000 теңге жұмсалған. Министрлік сөзінше, бұл іс «Жаңа пост» компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылған. Естеріңізге сала кетейік, Көшпенділер ойынына 5,7 млрд теңге бөлінген. Дола туристерден 300 миллион теңге ғана пайда тапты.