Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге мемлекет 40 миллиард теңге қарыз, деп хабарлайды Баймедиа.кз
Бұл соманың көлемі күн сайын өсіп жатыр. Шаруарлар 24 пайызбен алған кредиттің үстемақысының 17 пайызын мемлекет субсидиялауы тиіс. Алайда олар сол 24 пайызбен толық өтеп жатыр. Қиналған фермерлер «ҚазАгроҚаржы» корпорациясынан лизингке алған техникаларын қайтарып беруге мәжбүрміз дейді. Немесе мемлекет субсидияны толық өтеп болғанша банктерден алған кредиттерінің үстемақысын «қатырып» қоюды, яғни тоқтата тұруды сұрайды. Ал ауыл шаруашылығы саласының шенеуніктері Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша «барлық қарыздар өтеледі» деп уәде беруден жаңылар емес.
Анастасия Кудрина, облыстық Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы:
Уәде беріп жатыр. Алайда, әзірге не министрлік, не ауыл шаруашылығы басқармасы қашан төленетіні туралы нақты айта алмайды. Сондай-ақ шаруалар өтінімдерді қараудың мерзімін 10 күнге дейін ұзартуды сұрайды. Біз олардың өтініштерін Ұлттық палатамен бірігіп хатқа түсіріп жоғары жаққа жолдадық.