• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қоқысты көрінген жерге тастайтындардың көлігі тәркіленеді

Қоқысты көрінген жерге тастайтындардың көлігі тәркіленеді

21 октября, 2024 Басты тақырып

Үкімет қоқыс өңдейтін кәсіпкерлерге 185 миллиард теңге көмек бөлмек. Сенат депутаттары Үкіметке ұсыныспен шығып, «егер бизнесмен қоқыс өңдеуші зауыт салса, оның инвестициялық шығындарының 25-30%-ын бюджеттен қайтарып беруді» сұраған болатын. Заң шығарушы биліктің бұл ұсынысын атқарушы билік қабылдамай тастады.

Оның мәнісін Парламентке Премьер Олжас Бектеновтың өзі түсіндірді. Өйткені елді қоқыстан арылтуға бел буған бизнес субъектілеріне бұдан да жақсы игіліктер қарастырылып жатқан көрінеді. Сонымен бірге өндірістік, құрылыстық, тұрмыстық және басқа қалдығын қалаған жеріне, айдалаға төге салатын кәсіпкерлерге, қазақстандықтарға жаза күрт қатайтылады.

«Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Оған қоқыс өңдеу зауыттарын салу, сұрыптау желілерін іске қосу, қоқыс таситын көліктерді сатып алу және басқасы кіреді. Министрлік «Жасыл даму» АҚ-ның қаражаты есебінен жобаларды қаржыландырудың жеңілдікті тетігін бекітті. Оған сәйкес, аталған жобаларға мерзімі 3 жылдан 15 жылға дейін созылатын, пайыздық ставкасы 3% ғана болатын арзан кредит беріледі», – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, осы мақсатта 3 жылға жалпы сомасы шамамен 185 миллиард теңге бағытталады. Оны алған инвестордың өз жобасына салған меншікті қаражатының үлесі жоба құнының шамамен 20%-ын құраса жеткілікті көрінеді. Қалған қаржының бәрін «Жасыл дамудан» ала алады. Сондықтан осы бастама қазірден бизнес ортаның зор қызығушылығын оятып отырғаны байқалады.

«Бүгінде жеңілдікті қаржыландыру аясында жалпы құны 232 миллиард теңге тұратын 94 жобадан құралған пул қалыптастырылды. Оның ішінде жалпы құны 144 миллиард теңге болатын 37 жобасы – қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа зауыттар салуға арналған. Жеңілдікті кредит берудің осы тетігі мемлекет алдына қойылған міндеттерге сәйкес келеді. Осыған байланысты инвестициялық шығындарды 25–30% мөлшерінде өтеу орынсыз деп санаймыз», – деді Үкімет басшысы.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудағы проблеманы шешу үшін Сенат «қайта өңделген қалдықтардың көлемін ішінара субсидиялауды» және «пластикалық ыдыстар мен бұйымдарды қабылдайтын пункттерді жаппай ашуды» ұсынды.

Бұл тұрғыда Экология министрлігі қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен және қайта өңдеумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындарға қайтарымсыз демеуқаржы беру үшін «EcoQolday» субсидиялау бағдарламасын іске қосыпты.

«EcoQolday» бағдарламасын жүзеге асыруға «Жасыл даму» АҚ-ның утилизациялық алымының қаражаты есебінен бастапқыда, 2024 жылы 7,6 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл төлемдер жиналған және қайта өңделген қатырма қаптаманың, автомобиль компоненттері мен электрондық және электр жабдығының әрбір килограмы үшін төленетін болады.

Бұл шаралар «қалдықтарды қайта өңдеуді ынталандыруға және қайталама шикізатты қабылдау пункттерінің санын арттыруға мүмкіндік береді». Өйткені мемлекеттен көбірек субсидия алу үшін пластик бөтелкелер, макулатура мен басқа да қалдықтарды көбірек өңдеу керек. Көбірек өңдеу үшін оларды көбірек жинауы қажет. Оны жинауға азын-аулақ, айталық, 10-20 теңге ақы төлеп, халықты, мысалы, оқушыларды тартуға болады.

Үкімет басшысы ірі көлемді қалдықтарды рұқсат етілмеген жерге үйіп тастап, сонау ғарыштан көрінетін заңсыз полигондардың «іргетасын» қалайтын құқық бұзушыларды қатаңырақ жазалау мәселелері пысықталғанын жеткізді.

Соның негізінде Экология министрлігі «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын әзірледі. Соның аясында қалдықтарды арнайы белгіленген орындардан тыс орналастырғаны үшін жауапкершілік күшейтілмек.

«Сондай-ақ бұл заңнамалық түзетулерде құқық бұзушылық жасау, яғни, қоқысты тасу үшін пайдаланылған көлік құралдары мен басқа да заттарды тәркілеу көзделген. Үкіметтің тиісті қорытындысы мүдделі мемлекеттік органдарда келісілуде», – деді Олжас Бектенов. Содан кейін заң жобасы Мәжіліске енгізілуге тиіс.

Жалпы, Экология және табиғи ресурстар және Ішкі істер министрліктері бірігіп, 2024 жылдың 8 айында бұқара ортақ пайдаланатын орындарын ластаған, абаттандыру қағидаларын және қалдықтарды басқару талаптарын бұзған адамдардың үстінен 300 мыңға жуық хаттама толтырыпты.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленген орындардан тыс төгуге қатысты 200 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Соның негізінде 1 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Сенатор Бекболат Орынбековтің байламынша, қатты қалдықтардың тиісті көлемде өңделмеуі кесірінен Қазақтың сайын даласы қоқысқа бөгіп барады.

«Кейбір әлеуметтік мәселелерді бюджет мүмкіндіктеріне қарап, кейінге қалдыруға, кезең-кезеңмен шешуге болады. Ал, экологиялық проблемаларды шешу уақытында қолға алынбаса, кейін кеш болады. 2000-ші жылдардың басында тіпті аудандық деңгейде Экологиялық инспекция мекемесі деген болды. Олар ауыл-ауылды – әрбір елді мекеннен бастап, фермаларға дейін аралап, тазалығын, қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жер қабатына залал келтірмеуін қадағалайтын. Заң талабын бұзғандарға қомақты айыппұлдар салынды. Соның арқасында айналаны ластап, белгіленбеген орындарға қоқыс тастауға тосқауыл қойылды», – дейді сенатор.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қоршаған ортаның тазалығын қорғап, қамтамасыз етуге жауапты аудандық деңгейде бірде бір мемлекеттік орган жоқ. Облыс орталығында отырған бірлі-жарым маманның әрбір ауыл, кент, ауданды аралап жүруге шамасы келмейді. Қаражаты, көлігі тапшы. Сондықтан сарапшылар қоршаған ортаның тазалығын қорғап, қамтамасыз етуге аудандық деңгейде жауапты құзырлы органды – Экологиялық инспекцияны қайта ашуды сұрап жүр.

Үкімет басшысы дәл қазір соны аша салуға бара алмайтынын айтты.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлдебір меморганның штат санын ұлғайту – оның орындайтын міндеттерін, функционалдық ерекшеліктерін, мамандарының лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, кешенді пысықтау жүргізуді талап етеді. Содан соң оның қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясында қаралуы қажет. Осыған байланысты бұл мәселе жан-жақты талдау жүргізудің қорытындысы бойынша жеке пысықталатын болады», – деп сендірді Олжас Бектенов.

Бүгінде Қазақстанда қалдықтардың әрі кетсе, 18-20%-ы ғана қайта өңделеді. Қалған 80%-дан астамы не полигондарға көміледі, немесе айдалада қоқыс үйіндісіне айналып, желмен бірге айналасына тарап, елді қоқырсытады.

Өйткені қалдықтарды жинап, кәдеге жаратуға бұқара да, бизнес те ынталандырылмаған. Бұған қоса, инфрақұрылым қалдықтарын қоқыс өңдеу зауыттарына жеткізудің сауатты логистикасы нашар, оларды тиімді қайта өңдеуді ұйымдастыруға қажетті технологиялық тізбектер, қазіргі заманғы полигондар жеткіліксіз.

Айта кету керек, осының алдында «қоқысшылар» Қазақстан бойынша қатты тұрмыстық қалдықты шығару тарифтерін бірден 10 есеге дейін қымбаттату туралы ұсыныспен Үкіметке шыққан болатын. Үкімет бұл бастаманы да қарастыруда.

Kazwaste қалдықтарды басқару қауымдастығының басқарма төрағасы Шынболат Байқұловтың айтуынша, бірқатар облыстарда, әсіресе, орталық, батыс және оңтүстік өңірлерде қоқыс жинап, таситын ұйымдар жыл сайын артқан тұрмыстық қалдықтардың көлемін еңсере алмай жатыр.

Бұған жанар-жағармайдың, көліктердің және басқасының бағасының қымбаттауы қосылыпты. Бірақ қоқыс шығару тарифтері еселеп қымбаттаса, ол онсыз да титықтаған халықтың тұрмысына соққы болуы мүмкін.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024850 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.