• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты

«Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты

31 октября, 2024 Жаңалықтар

Ақтөбеде 17 жастағы екі жасөспірімді өлтірген қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Қылмысқа қатысы бар деп айыпталған алты жас жігіттің барлығы 20 жастағы студенттер. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аstanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Мәліметтерге сенсек, қайғылы оқиға жылдың басында болды. Іс материалдарына сәйкес айыпталушылардың бірі әлеуметтік желіде құрбан болған жігітпен жанжалға түсіп, кездесу белгілеген. 2 қаңтар күні кешке ол Қызылжар тұрғын үй массивіне бес досымен келген, барлығы пышақпен қаруланып алған.

Төбелес кезінде төрт жасөспірім пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген, олардың екеуі қайтыс болды. Оқиғадан кейін бірден алты қатысушы ұсталды. Екі айыпталушыға «Кәмелетке толмағанды өлтіру» және «Екі немесе одан көп адамды өлтіруге әрекет жасау» баптары бойынша айып тағылды. Қалғандарына денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген айып тағылды.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Бақтығалиев екі адамды өлтіру ісі бойынша үкім шығарды.

«Осылайша Дамир Ұзақбай ҚК 99-бабының «Адам өлтіру» 2-бөлігінің 1, 9 және 14-тармақтары және 24-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Рамазан Махамбетке ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 1 және 9-тармақтары бойынша 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот екі айыпталушыны жәбірленушілерге моральдық залал ретінде 10 миллион теңгеден төлеуге міндеттеді.

Айыпталушылар кінәларын мойындаған жоқ. Ал төбелеске қатысқан басқа төрт адамға шартты түрде 4 жылға сот үкімі шығарылды. Қаза тапқан жасөспірімдердің туыстары бұл шешіммен келіспей, үкімге шағымданбақ.

Қайтыс болған жасөспірімнің анасы Ботагөз Жайтақова қалған төртеуінің де қатаң жазаға лайық екенін айтып, оларға шартты жаза берілгеніне наразылығын білдірді.

«Үкіммен толық келіспеймін. Екі адам әділ жаза алды, бірақ неге қалған төрт айыпталушыға шартты жаза беріліп, оларды сот залында босатты?! Олар да қылмысқа алдын ала дайындалған, сондай-ақ пышақпен келген. Олар өлтіру ниетімен қаруланған. Меніңше, оларға да нақты мерзім беру керек», – деді Ботагөз Жайтақова.

Оқылып жатыр

ШҚО-да бір ауыл ішімдіктен толық бас тартты

Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ келіссөзінің жаңа раунды басталды

Қазақстанда 4 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны анықталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ШҚО-да бір ауыл ішімдіктен толық бас тартты

Жаңалықтар 4 февраля, 2026

Астана. 4 ақпан. BM.KZ – ШҚО Зайсан ауданы Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылының тұрғындары…

Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ келіссөзінің жаңа раунды басталды

4 февраля, 2026

Қазақстанда 4 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны анықталды

4 февраля, 2026

Илон Масктың байлығы 800 миллиард доллардан асты

4 февраля, 2026

Қазақстан вокзалдарында жаңа қызмет іске қосылды

4 февраля, 2026

Марганец кенін заңсыз өндірген кәсіпкер 5 жылдан аса мерзімге сотталды

4 февраля, 2026

Германия мен Қазақстан азаматтығы бар бір отбасының бес адамы Астана әуежайында ұсталды

4 февраля, 2026

Әкелердің бала күтіміне байланысты демалысы зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептеледі

4 февраля, 2026

Қазақстанда прогрессивті агроэкономикаға көшу басталды

4 февраля, 2026

Түркістан облысында ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

4 февраля, 2026

Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламды өз үйінде атып кеткен

4 февраля, 2026

Қазақстанда жеке детективтер лицензия бойынша жұмыс істейтін болады

4 февраля, 2026

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

3 февраля, 2026

Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген атыраулық азаматтың 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды

3 февраля, 2026

Серік Сәпиев Қарағандыдағы даулы оқиғадан кейін қызметінен босатылды

3 февраля, 2026

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте ТОП-10-ға кірді

3 февраля, 2026

Үндістан ресейлік мұнайдан бас тартуға келісті – Трамп

3 февраля, 2026

Алматыда қылмыстық топ өкілі ұсталды

3 февраля, 2026

Темір рудасы төрт жыл бойы заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылған

3 февраля, 2026

Ұлттық банк Олимпиада ойындарының құрметіне коллекциялық монета шығарады

3 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.