«Қазақ газ өңдеу» зауыты Маңғыстау облысына тәуліктік сұйық отын бөлу жүктемесін 150 тоннаға дейін ұлғайтты, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Бұл туралы елдің Энергетика министрлігі хабарлады. Соңғы тәулікте автогаз құю бекеттерінде көлік кезегі көбейген болатын. Мамандар жағдайды Атыраудағы мұнай өңдейтін кәсіпорында өткен айдан бері жоспарлы жөндеу жұмыстарының жасалуымен байланыстырады. Қазір аймақта әр он көліктің сегізі газбен жүреді. Сұйытылған отынға ай сайынғы сұраныс 18 мың тоннаны құрайды. Соның 16 мың тоннасын Жаңаөзендегі зауыт өндіреді. Қалғаны көрші өңірден тасымалданады. Бердібек Қартбаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы: — Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында. Күнделікті бізге сұйытылған мұнай газын тасымалдау, сонымен бірге жаңағы «заправкалардағы» кезектілікке мониторинг жасап отырмыз. Жағдай қазіргі таңда бірқалыпты.