Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік гимназиясының мұғалімдерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, – деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Aikyn.kz сілтеме жасап.
«Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге алты айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге қарыздың жалпы сомасы 40 млн теңгені құрады. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған», – делінген хабарламада.
Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды. Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтердің еңбек құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.