“Байтақ” партиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «ARAL — 2024» І саммитінде Моңғолия Халықтық Республикасының «Азаматтық ерік» Жасылдар партиясы төрағасының орынбасары Бат-Эрдэнэ Тогооч осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
«Аралдың тартылуы — тек мемлекеттік емес, әлемдік экологиялық мәселенің бірі де бірегейі. Моңғолия да су тапшылығы мен сапасына қатысты мәселені басынан кешіруде. Жиырма жыл бұрын елде жасыл желек, өзен-көл де көп еді. Алайда соңғы жылдары даламызды шөл басып, құрғақшылық жайлап барады. Сондықтан мүддеміз ортақ, мақсатымыз бір. Осы семинарға келіп, сұрақтарымызға ортақ жауап тауып, тәжірибе алмасамыз деген ниеттеміз. Себебі кез келген экологиялық мәселенің ұлты, мемлекеті жоқ. Бір елде болған жағдай екінші жерден орын алуы ғажап емес» — дейді моңғолиялық жасыл партия өкілі.