Алматыдағы балабақшалардың бірінде балалар құрдасын аяусыз соққыға жыққан. Артынша балабақшадағы тәрбиеленушілердің әрекеті әлеуметтік желілерге жарияланып кеткен. Зардап шеккен тараптың айтуынша, оқиға 21 ақпан күні түстен кейін «№ 51 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК-да болған.
Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен бұзушылықтар үшін тәрбиешіге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды, – деп хабарлады қалалық Білім басқармасынан.
Оқиға туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді.
Ата-анасының өтініші бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тәрбиешіге қатысты тексеру жүргізді. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау дерегіне бойынша қылмыстық іс тергелуде, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.