• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Қызылжар атауы кімге керек?!»: Бурахан Дақанов солтүстік өңір орыстанып бара жатқанын айтты

«Қызылжар атауы кімге керек?!»: Бурахан Дақанов солтүстік өңір орыстанып бара жатқанын айтты

24 февраля, 2024 Басты тақырып

Бүгінде Қызылжарда тұрып, халықты оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге үндеп жүрген қоғам белсендісі Бурахан Дақанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, Солтүстік Қазақстанда қазақ мектептері аз екенін, балалар тілінен ажырап бара жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Балалардың «Қ» әрпіне тілі келмейді

“Ашынғанда шығады ащы даусым” демекші, мына жағаұстатарлық статистиканы қарап, біздің неге шыңғырып жатқанымызды түсініп көріңіз. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 458 мектеп бар. Соның 244 мектебі орыс, 105 мектебі аралас және таза қазақ мектебінің саны 109!!! Тіпті Петропавл қаласының өзіндегі 36 мектептің 6-сы ғана қазақ мектебі. Орыс мектебінің саны – 22. Жалпы облыста 75 018 бала сабаққа барса, соның 25 бөлігі ғана, яғни төрттен бірі ғана қазақ тілінде білім алады. Бір қызығы, орыс мектебінде оқитын қалған 56339 баланың 26 пайызы қазақ балалар. Демек, аралас мектеп деген алдамшы, бәрі таза орыс мектептер болып тұр! Өскелең ұрпақтың, осы қалада өмір сүріп, иелік ететін болашақ ұрпақтың 75 пайызы «Қ» әрпіне тілі келмейтін орыстілді болса, Қызылжар атауы кімге керек сонда а?! Біздікі не айқай?! – деп жазды ол.

Бурахан Дақановтың айтуынша, бізге қайтсек те солтүстікте қазақ балаларын, қазақша оқитын балаларды көбейтуіміз керек.

Оның бір жолы бар, ол оңтүстік өңірлердегі жетімханаларды бала-шағасымен cолтүстікке көшіру.  Жалпы Жетімханалар орталықтан қаржыландырылады. Демек ол ғимарат Шымда тұр ма әлде Қызылжарда ма — қатты айырмашылық жоқ.  Егер де бұл іске асса, солтүстікке жаңа қан құйылып, оқушылар арасында теңсіздік жойылады деп есептеймін. Оның үстіне олар осында өсіп-өніп, үйленіп, көбейіп, мына жерге қызмет қылмай ма, ә (жоба бізде дайын, тіпті орындарды да белгілегенбіз — бірақ бізді ешкім тыңдамады)? – дейді қоғам белсендісі.

Сондай-ақ ол оңтүстіктен солтүстікке көшетіндердің аудиториясын ауыстырып, үгіт-насихатты диқан, малшы, шаруа арасында жүргізу керек деген ұсыныс айтып отыр.

«Не эффективно. Пустая трата денег» деді

Оңтүстіктегі студенттерді солтүстікке жаппай алдыру үшін бір ірі оқу орнын Петропавлға көшіру керек, сонда қаладағы қаракөздер көбейеді дедік. Оған бізде “Серпін” бағдарламасы бар. “Не эффективно. Пустая трата денег” деді. Мыңқ-мыңқ етіп даусымыз шықпай қалды.

Ойбай, солтүстікке көшкендерге жер береміз дейді. Оған біз: көшіп келгендердің бәрі оңтүстікте жұмыс таппай жүрген дәрігер, мұғалім, полиция, т.с.с кісілер, ондай адамға жер керек пе өзі? Оның үстіне жер алды дегеннің өзінде оны жыртуға, баптауға, егуге техника керек. Ол техниканы алу үшін қыруар қаржы керек. Өзі кеше ғана үйсіз болып мында көшіп келген азамат техникаға ақшаны қайдан алады дедік біз. Көшетіндердің аудиториясын ауыстырайық. Үгіт-насихатты диқан, малшы, шаруа арасында жүргізейік. Арнайы соларға бағдарлама ашайық. АШМ-ді қосайық дедік біз. Өтірік мақтап, арқадан қағып шығарып салды.

Одан кейін «TAUEKEL» ұйымына қаржы беріп, оңтүстікке жіберіңіздер, біз әлгі Алматы, Шымкент секілді ірі қалаларда көп баласымен времянкілерде тұратын адамдарды іздеп тұрып, жеке-дара үгіттейік дедік. Соларды көшіріп, мына жақтағы ауылдарды құтқарайық дедік. Оған “е, олардың үй алатын мүмкіндіктері жоқ” деді. Онда біздің «TAUEKEL»-ге ақша бөліңдерші, біз ескі үйлерді өзіміз балансымызға сатып алып, жөндеп, ың-шыңсыз көшіре берейік, тіпті мына сапасыз жаңа үйлерді де бізге беріңдерші, біз жөндетіп, бағып-қағып, ішіне адам толтыра берейік дедім. Тағы да ешкім үндемеді, – дейді Бурахан Дақанов.

Осы орайда қоғам белсендісі жергілікті билік ұсыныстарына қолдау білдірмей жатқанын, әбден шаршағанын айтты.

«Әбден шаршадым»

Солтүстікке көш бағдарламасы не эффективно деді, адамдар кері көшіп жатыр деді. Әрине, дедік біз, өйткені көшкен адамға аз-паз ақша, үй, жұмыспен қоса рухани қолдау деген дүние қажет. Бізге қаржы беріңіздерш, біз офис, кол-центр ашып, солармен мақсатты түрде жұмыс жасайық. Көшіп келушілердің социализация, интеграция жақтарын, адаптация яғни жергілікті халықпен араласу мүмкіндігін дамытайық. Соңғы айда екі көшіп келушінің үйі өртенді, соларға қызмет көрсететін ситуативті орталығымыз болсыншы, қорымыз болсыншы дедім. Бюджетте ақша жоқ деді. Уф дедік те қалдық. Қысқасы, өстіп жүрміз. Билікте бізді танымайтын адам кемде-кем қазір. Бірақ ол мүмкіндіктің пайдасы қазіргі уақытта тым елеусіз болып тұр. Шынымды айтсам, жаңбыр жаумаса да күркірей беретін, қолынан қайрақ та келмейтін найзағай секілді сезініп барам өзімді. Әбден шаршадым. Айтыңызшы, мыналарды істеу үшін, істету үшін біздің не істеуіміз керек? – деді Бурахан Дақанов.

Оқылып жатыр

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Павлодар соты Ұлттық ұлан қызметкерлеріне қол көтерген спортшыны кінәлі деп…

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.