Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдардың перспективалы аумақтары табылды, — деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында Қазақстандағы жерде сирек кездесетін металдарды геологиялық барлаудың перспективалы учаскелері туралы мәлімдеді.
Ол сирек кездесетін металдар саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
«Бүгінде жерде сирек кездесетін металдар қоры шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесінің болашағы туралы деректер бар», — деді Қанат Шарлапаев.