• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Құлсарыда тұрғындар көрші мекемеден зиян көріп отыр-2

Құлсарыда тұрғындар көрші мекемеден зиян көріп отыр-2

26 февраля, 2024 Жаңалықтар

Жылыой ауданы Құлсары қаласы СМП-615 ықшам аудан тұрғындары «көршілес» орын тепкен мұнай өнімдерін тасымалдау және өңдеумен айналысып отырған «БазисОйл» ЖШС-ні жабу, болмаса көшіру талабымен тағы да жиналды.

САНИТАРЛАР НЕНІ АНЫҚТАДЫ

«Өткен жылы Жылыой аудандық санитариялық-эпидемологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі Құлсары қаласы тұрғындарының 2022 жылғы 8 тамыздағы арызы және 2022 жылдың  23 тамыздағы тексеру тағайындау туралы актісі негізінде «БазисОйл» ЖШС-не (бұдан әрі ЖШС) жоспардан тыс тексеру жұмысын жүргізген болатын.

ЖШС зауытқа мұнай өнімдерін автокөлікпен тасымалдап, өңдеп, одан әрі теміржол арқылы жөнелтеді. Тексеру барысында ЖШС-нің нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алынбағаны, атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейі (шу, діріл, ЭҚК және басқа да физикалық факторлар) өлшенбегені анықталды. Атмосфераның ластануы туралы есеп және халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер бағаланған санитарлық-қорғау аймағының алдын ала жобасы жоқ…».

Көптеген заңбұзушылықтар анықталған кәсіпорынның жақындығы ЖШС-нен жүз метрдей қашықтықта орналасқан үйлердің тұрғындарын қатты алаңдатты.

Осы себептен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма мекемесі анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін зауыт жұмысын тоқтату жөнінде Атырау облысы мамандандырылған ауданарық экономикалық сотына талап арызбен жүгінген болатын.

Сот отырысында жауапкер өкілдері А. Прлаиева, З. Жоламанова, Г. Сагинбеков, Ж. Рамазан талапты мойындамай мұнай өңдеу зауыты қауіптілігі бойынша үшінші сыныпқа жатқызылатынын, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды қажет етпейтінін, зауыт өндірістік аймақта орналасқанын, Құлсары қаласының бас жоспары бойынша өндірістік аймақ болып саналатынын мәлімдеді. Сондай-ақ жауапкерлер ол жерде орналасқан тұрғын үйлерге жер заңсыз берілгенін, өздерінің тексеруі бойынша шығарылған зиян заттардың рұқсат етілген шектеулі нормалардан аспайтынын атап көрсетті.

Үшінші тұлға өкілі Е. Сагинов аталған жердегі тұрғын үйлерге жер 1992-2007 жылдар аралығында берілгенін, ал 2007 жылдың 17 мамырында аудан әкімінің қаулысымен нысаналы мақсаты өзгертіліп, мұнай өңдеу зауыты салынғанын айтты. Қаланың бас жоспары 2013 жылы бекітілген.

Сот барысында кейбір кемшіліктер анықтала отырып, сот талап қоюшының талабы негізді деп есептеді, себебі жоғарда аталған заң бұзушылықтарды жоймастан халықтың денсаулығы мен өміріне қатер төндіреді деді. Сондықтан талап қоюшының жауапкерге сотта талап қоюы негізді және қанағаттандырылуға жататынын атап көрсетті.

Судья А. САУДАБАЕВ сот барысын саралай келе 2023 жылдың 11 желтоқсанында «БазисОйл» ЖШС зауытын анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтату жөнінде шешім шығарған болатын. Бұл шешіммен келіспеген ЖШС аппеляциялық шағым түсірді.

ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ

«АЖ» тілшісі аудан белсенділері және ЖШС-мен көршілес «СМП-615» тұрғындарымен тілдескен болатын.

— «БазисОйл» ЖШС Жылыой ауданына үлкен қасірет әкелді десе болады. Халықты улап отырған мекеме деп есептеймін, бұл жөнінде талай рет жазылып, сотқа дейін жетіп отыр. Депутаттар да араласты, бірақ нақты шешім көріп отырғанымыз жоқ. Сол себептен бұл мекемені заңды түрде жабуын талап етеміз, болмаса басқа жерге көшірсін,-дейді аудан белсендісі Дайрабай ЕЛДЕСБАЕВ.

— Біздің бұл ықшам ауданда тұрғанымызға он бес жылдай уақыт болды. Зауыттан келген иістен демала алмай отырмыз, қышыма тері ауруы бар, астмамен ауыратын балаларға қиын болып тұр. Зардап деген жетеді, үйдің терезесін аша алмаймыз, жұмыртқаның шіріген иісі шығып тұрады. Далаға кір жая алмаймыз жаман иіс шығып кетеді. Киімімізге дейін сіңіп қалуда,-дейді тұрғын Дәмеш ТАСБОЛАТОВА.

— Тұншықтырып болды, жүк машиналары күні-түні дамылсыз жүріп жатыр, жолды бүлдіріп болды, жол полициясы дәрменсіз. «Олардың құжаттары бар, сол себептен тоқтата алмаймыз» дейді. Жалпы осы жерде тұрғанымызға он бір жыл болды, күйеуім денсаулығынан айрылды, үшінші топтағы мүгедек атанды. Бұл жерде басқа да ондаған мекеме бар, соның бәрін тексеру керек,-дейді тұрғын Зоя КЕНЖЕБАЕВА.

Бұдан кейін жиналғандар «БазисОйл» ЖШС мекеме басшысы халық арасына шығып, осыған дейін қанша залал келтіргенін ашық айтып, өтемақы төлеуі керек деп есептейді. Сонымен бірге кезінде баспана салуға жер беріліп, үй құжаттарын ресми заңдастыра алмай отырғандардың мәселесін шешу қажеттігін жеткізді.

Тұрғындар ЖШС-мен күресті жалғастыруға бекініп отыр. Олар зауытты жабу немесе басқа орынға көшіру керек деп, соңғы талаптарын қойды.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

https://azh.kz/kz/news/view/67735

Оқылып жатыр

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.