▫️ 2024 жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 571,6 мың отбасы жалпы сомасы 38,1 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.
▫️ Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
▫️ Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:
— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
@baq_kz