Ашылу керек 5 нысанның 4-еуі дайын емес: Бектенов Ұлытау облысының әкіміне ескерту жасады
Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Жиында Ұлытау облысында салынуға тиіс медициналық нысандардың құрылысы кешігіп жатқаны айтылды.
Үкімет басшысы құрылыс мерзімін жоспардағы уақытында аяқтамаған өңірлерге тоқталды.

«Былтыр Ұлытау облысы 5 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылуға тиіс болған. Оның төртеуінің құрылысы әлі аяқталмады. Облыс жыл бойы небәрі бір-ақ объектіні пайдалануға берді. 4 объектінің құрылысы қыркүйекте ғана басталған. Әкімдік ұлттық жобаның орындалуын бақыламай отыр деп санаймын. Жыл соңына дейін тағы 15 объекті салынуы қажет. Берік Әбдіғалиұлы, не айтасыз», — деді ол.
📢Qaz365kz