Кенжехан Матыжанов: Кей ғалымдар университеттегі қосалқы дөңгелек сияқты
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ғылым салалары бойынша жұмсалған ішкі шығындар соңғы екі жылда 121,560,1 млн теңгені құрады. Оның ішінде жаратылыстану ғылымдарына – 36 030,0 млн, ал гуманитарлық ғылымдарға – 9267,0 млн теңге бөлінген. Республика бойынша магистратураны бітіргендер саны – 22193 адамды құраса, докторанттар саны – 1536 жас ғалымды құрайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Соңғы жылдары жас ғалымдарды қолдау мен ғылымды дамытуға, жобаларын іске асыруға мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар көптеп бөлінуде. Алайда отандық ғылымға жаңалық әкелген жас ғалымдар саусақпен санарлық.
Әсіресе магистратура мен докторантураның стипендиясы артқанда, ғылым саласында қызмет етуді емес, грантқа түсуді ғана мақсат еткендер көбейді.
Ғылымдағы осы және өзге де өзекті мәселелерді М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлынан сұрап көрдік.
📢Qaz365kz