Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы Азаматхан Әміртаев Әзірбайжанның «CBC TV Azerbaijan» халықаралық телеарнасына сұхбат берді.
Бағдарлама «Әзірбайжан және эасыл энергия: СОР29 жолында» тақырыбы аясында өтті (СОР – жыл сайынғы климаттың өзгеруі туралы келіссөздер конференциясы).
БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы 28-ші конференциясы Дубайда аяқталып, келесі жылы халықаралық шараны өткізу мүмкіндігі Әзірбайжанға берілді. Сондықтан қазір бұл мемлекет жасыл энергияның көздерін пайдалануды барынша қолға алмақ. Осы ретте көрші ел Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық танытып, «Байтақ» партиясының бағдарламалық жоспарымен танысқысы келетінін жеткізді.
Азаматхан Әміртаев партияның басты мақсаты – табиғатты қорғай отырып, жасыл энегрияны дамытуға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ, «Байтақ» партиясының бастамасымен Су министрлігі құрылғанын айтып, енді ол су кодексін қабылдау және басқа мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істеп отырғанын алға тартты.