Мәжілісте экономикалық қылмыстарды декриминализациялау туралы дөңгелек үстел өтті. Жиынға Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева жетекшілік етіп, оған депутаттармен қатар тиісті өкілетті органдардың өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі декриминализациялауды жүргізуді және салық қылмыстары бойынша кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту нормаларының шегін айқындаудың әділ тетігін енгізуді тапсырған болатын. Осы негізде қойылған міндеттерді егжей-тегжейлі талқылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Трендте
- Қазақстанда қанша адамның кредиті кешіріледі
- «Әзілі шектен шықты». Қазақ тілін келеке еткен Черчесовке шара қолданылды
- Талғарда тағы бір лауазымды тұлға қызметінен босатылды
- 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
- Қазақстан азаматтарына қанша зейнетақы төленді?
- Түркістан облысында 30 жыл отасқан күйеуін өлтірген әйел сотталды
- Мемлекет қостанайлық шаруаларға 40 млрд теңге қарыз
- «Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді