• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Көші қон неге әлсіреді?

Көші қон неге әлсіреді?

3 марта, 2024 Қоғам

Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялаған тұста елдегі қазақтардың үлесі 30% жетер жетпес ғана еді. Тоқырау заманы басталып әр ұлт өзінің атамекеніне көше бастады. Әсіресе тоқсаныншы жылдардың басында немстер Германияға, шешен, ингуштар, грузиндер мен армяндар т.б өз елдеріне қайта бастады. Бұған себеп елдегі экономикалық ахуал да әсер етті. Кеңес Одағынан мұра боп қалған зауыттар мен фабрикаларда шикізат жоқ.  Болған күннің өзінде сауда нүктелер анықталмаған еді. Мұның барлығы елде мамандардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Мемлекеттік органдар мен зауыт, фабрикалар жалақ төлеуге қауқары болмағандықтан мұғалімдер де, дәрігерлер де, ішкі істер, қорғаныс, ауылшаруашылық, энергетика саласының небір мамандары ала сөмке арқалап қытай асып, қырымнан тасып күн көрістің қамына кіріскен еді. Сол кездегі статистика бойынша еңбек адамдарының жетіспеушілігі 48%-ға дейін жеткен. Әсіресе ауылшаруашылық саласында мамандар жетіспеушілігі қатты байқалды. Бұрыңғы колхоздар мен совхоздардлың шаңырақтары шайқалып, шаруашылықтар көбейіп кеткен мал басы азайту мақсатында күні, түні ет комбинаттарына тасымалдауды бастады. Үлкен қалаларда күнделікті ереуілдер мен шерулер орын алды. Осындай қиын қыстау кезде биліктегілер оның ішінде Министрлер кабинетінің төрағасы Қаратай Тұрысов, ауылшаруашылық министрі Балташ Тұрсынбаевтар шетелден жұмыс күшін тарту туралы ұсыныс енгізеді. Мне осы ұсыныстың негізінде Монғолия қазақтарының алғашқы легі Сарыөзек өндірістік комбинатына жұмыс күші ретінде көшіп келді. Әрине бұл азайған халықтың орнын толтырудың сылтауы ғана еді. Осы кезден бастау алған халық арасында «Ұлы көш» аталған қазақ көші әлі күнге дейін жалғасып келеді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда қазіргі таңда ел аумағында 1 миллионнан астап қандас көшіп келді деседі. Кейінен ел экономикасы түзеліп, бағыт-бағдары айқындала бастаған кезеңде Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Тәжікстанның қазақтары тіпті Ауған, Қытай, Германия мен Ресей қазақтары да көшіп келе бастады. Ауа райы салқын, таулы өлкенің қазақтары шығыс пен солтүстікті, аптап ыстық пен құмды елден келгендер батыс, оңтүстік өңірлерді мекендеді. 1991 жылдан бастап ел Үкіметі ресми көші-қон жариялап, әлемнің барша қазақтарын қазақ еліне көшіп келуге үндеу тастады. Міне осындай үндеуге құлақ асқан осы мақала авторының отбасы да 1991 жылы көштің басын атажұртқа бұрған еді. Монғолия және Қытай елдерін көбінесе Орта жүздің Керей, Уақ, Найман руының өкілдері мекен еткен. Жаймашуақ, бейбіт тірліктерін тастап, дүркірей көшкен қазақтың болашаққа деген сеніміз зор еді. Осы бір тарихи кезеңнен бері 30 жылдан астам уақыт өтті. Сол кезде ата-анасымен еріп келген жастар өсті, білім алды. Жетілді. Нәтижесінде алдымен «оралмандар»  кейіннен «қандастар» атанған этникалық қазақтар еліміздің барлық саласында жемісті еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің іргетасын қалауға атсалысып келеді. Қазіргі таңда білім, ғылым, спорт, медицина, журналистика, өндіріс, ауылшаруашылық тіпті ішкі және сыртық қорғаныс салаларында да жемісті еңбек етіп келе жатқан мыңдаған жастар бар. Көштің қарқынды дамуына мүдделі мемлекет Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан Көші қон комитетін құрып, әр облыс пен аудан әкімдіктерінде көші қонға жауапты мамандар ұстады. Олардың басқа елден көшіп келіп, қоғам арасына сіңісіп, жергілікті тұрғындармен қыз берісіп, қыз алысып араласып кетті. Мәдениет саласында шоқтығы биік майра Мұхамедқызы, спортта Қанат Ислам, ғылымда Сартқожа ұлы Қаржаубай ағаларды атап өтуге болар. Осы бір қарқынды көші-қон саясаты соңғы жылдары баяулап, кері кете бастады. Халықтың саны өсіп, ел экономикасы дамыды деп, Ақордада том-том баяндамалар жасалғанмен әлемде қалған 4,5 млн қазақты жинап алуға қазіргі билік құлықсыз. Меніңше мұнын бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақтың санының өскен сайын русофобия, ұлтшылдық деңгейінің артып кетуінен қорқады. Екіншіден, билік  және басқа да саяси институттарға өзге елдің идеологиясымен тәрбиеленген азаматтарды әкелсе, ел саясатын басқа арнаға бұрып сатқындық жасауы мүмкін деп сезіктенеді. Үшіншіден, халықтың санының көбею тиімсіз. Оның үстіне Қазақ билігіне өзінің оппозициялық көзқарасымен танымал Серікжан Біләш және оның «Атажұрт» қозғалысы, батыстаға өзбек, түркімен, тәжік қандастар ұйымдастырыпты мыс делінген  «Жаңаөзен»  оқиғалары да сыныққа сылтау болып отырған хақ. Сонымен қатар қазіргі коммуникацияның дамыған заманында өзге елдегі қандастарымыз Қазақстан жаңалықтарын күнделікті қарап бақылап отыр. Елдегі саяси оқиғалар, әлеуметтік-экономикалық мәселелер, тіл мәселесі, бюрократизм мен жемқорлық қандастардың елге оралуына кедергі болып отырғандығы өтірік емес. Бұл мәселені биік мінберлерден талай мықтыларымыз айтты. Жазды. Түптеп келгенде үш жүздің басын қосуды армандаған Абылай хандардың да арманы біртұтас Қазақ елін құру еді. Міне осы арманның орындалуына аздаған сәттер қалғанда көші-қонның саябырсып қалуы бұл процесстің әлі де сан жылдарға созылатынын білдіреді. Іргелес Ресейде басқа елдердің барлғы да өз этникалық қандастарын жинап жатыр. Себебі тарыдай шашырап әлемді аралап жүргенше бір жерде бас қосып, өз елінің өркендеуі үшін еңбек етіп, ұрпақ санын көбейткені әлдеқайда тиімді екенін сезеді. Қазіргі таңдағы көші қондағы ең басты мәселенің бірі ұйымдастырушылық, бейімдеушілік фукцияларын  бір қолдан емес, түрлі қоғамдық бірлестіктерге таратып жіберуінде болып отыр. Мысалға «Отандатар» қорын алар болсақ, қордың басты мақсаты қандастардың бейімделуіне жағдай жасау, өнерлі жастарды қолдау, шығармашылық тұлғаларды жарыққа шығару т.б функцияларынан ауытқып, Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне еніп кішігірім елшілікке айналып кетті. Кезінде Түркия мен Монғолияда елші қызметтерін атқарған дипломаттар отыр. Қазіргі таңда әлемді аралар кішігірім құрылтайлар, кітаптардың тұсаукесерлер мен конференциялар өткізумен шектеліп жүрген қордың өзінің бастапқы функциясынан ауытқып кеткеніне біраз жылдардың жүзі болды. Экс Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған  Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының да қызметі әлсіреп, тарқай бастады. Елде келген қандастарды бейімдеу орталықтары атымен жоқ. Алыс шетел тұрмақ, ауылдан-ауылға, ауылдан-қалаға көшкенде бейімделіп, сіңісіп кетуі үшін біраз уақыт қажет екені белгілі. Әсіресе елдегі сервистік қызмет көрсету салаларыың 80% орыс тілінде қызмет көрсететінін өтірік емес. Қазіргі статитстикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен 2022 жылы елімізге 30 мыңнан астам ғана қандастар оралса оның 20% ғана азаматтыққа қол жеткізді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 10 мыңға жетер жетпес қандасымыз көшіп келді десіп жатыр. Күннен үнге саны азайып келе жатқан көші-қонды қарқындату қажет. Қазіргі әлемдегі геосаяси ахуал мен көршілес елдерде болып жатқан оқиғалар әр ұлттың өз елінде бір тудың астында жиналып, сақадай сай тұруын білідіріп тұр. Ата бабамыздан қалған ұлан байтақ даланы қорғап қалу, қазақ деген ұлттың және елімізді мекен еткен түрлі этностарды қорғап қалу және мемлекеттік тіліміздің дамуы үшін шеттегі қазақтарды Қазақстанға тарту жұмысын күшейту керек. Ұлт болыпы ұйысып, іргетсымыз берік, шаңырағы биік мемлекет болу үшін Қазақстан барша қазақтың және барлық этностардың ырыс мен ынтымағы жарасқан отаны болуы керек. Қаншама қиын мәселелер туындаса көштің туын жықпаған жөн. Бұл саясаттың дұрыс екеніне көз жеткізетін уақыттың алыс емес екеніне сенімім кәміл.

 

Асылбек Байжұмаұлы

Оқылып жатыр

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.