Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер аталды
«Қазгидромет» жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берген.
Су тасу қаупі жоғары аумақтар: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары. Ал орташа қатер Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстарында. Су тасқынының қаупі ең аз аймақ Маңғыстау облысы саналды. Жазық өңірлердегі қар қоры аз, алайда жазғы аймақтардың бүкіл жерінде күзгі ылғалдану шамадан жоғары болып тұр. Түсінікті тілмен айтсақ, қысқа түскенге дейін жауатын жауын-шашын мөлшері нормдан жоғары, — дейді Гидрологиялық болжамдар басқармасының басшысы Серік Ибраев.