Асқазанына 1 келі героин салып алып,
Қазақстанға кірген шетелдіктер ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті. Оларды «жұтқыштар» деп атайды. 21 ақпанда Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері мен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен бірге есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады. Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедура арқылы шетелдіктердің азқазанынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды. Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды. Сот шешімімен фигуранттар қамалды.